Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлем чемпионатында қызмет етіп жүрген алғашқы әйел төрешілер

kz.kursiv.media

Әлем чемпионатында қызмет етіп жүрген алғашқы әйел төрешілер

Футбол әлеміндегі ең үлкен өзгерістердің бірі – ерлер арасындағы Әлем чемпионатында әйел төрешілердің қызмет етуі. Бүгінде бұл үрдіс футболдың әдемі дәстүріне айналып үлгерді. ФИФА төрешілер комитетінің басшысы Пьерлуиджи Коллина бұл тағайындаулардың гендерлік белгіге емес, «ең алдымен кәсіби сапа» принципіне негізделгенін ерекше атап өтті.

АКШ, Канада және Мексика жасыл алаңдарында өтіп жатқан биылғы Әлем кубогында 6 әйел төреші қызмет етіп жатыр. Олардың екеуі – бас төреші, үшеуі – ассистент және біреуі – VAR (бейнеқайталау) төрешісі.

Әйел төрешілердің ерлер футболында қызмет етуі алғаш рет 2022 жылы Катардағы Әлем чемпионатында орын алды.

Франциялық Стефани Фраппар ерлер арасындағы Әлем чемпионатында бас төреші болған тарихтағы алғашқы әйел. Катарда толықтай дерлік әйелдерден құралған төрешілер бригадасын басқарды.

Фраппармен бірге Салима Мукансанга (Руанда), Ёсими Ямасита (Жапония) бас төреші ретінде, ал Кэтрин Несбитт (АҚШ), Неуза Бак (Бразилия) және Карен Диас Медина (Мексика) ассистент ретінде қызмет етті.

Биылғы Әлем чемпионатындағы әйел төрешілер корпусының басты жұлдызы – 39 жастағы америкалық Тори Пенсо. АҚШ-тың әйелдер (NWSL) және ерлер (MLS) лигаларында қызмет ететін, әлемдегі ең беделді реферилердің бірі.

2023 жылы Испания мен Англия арасындағы әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының финалын басқарды. Сондай-ақ, КОНКАКАФ аймағында ерлер арасындағы ӘЧ іріктеу кезеңіне қатысқан алғашқы әйел. Ерлер Әлем чемпионатындағы бас төреші ретіндегі алғашқы тәжірибесі. Оның бригадасы 18 маусым күні Атлантада өткен Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) арасындағы кездесуде дебют жасады.

Турнирдегі екінші бас әйел төреші – 33 жастағы мексикалық Катя Ицель Гарсия. Ол өз еліндегі әйелдер біріншілігінде 2017 жылдан бастап төрелік етіп, кейіннен ерлер арасындағы «Лига MX» матчедарына шыққан алғашқы әйел атанды.

Катяның қоржынында 2023 жылғы әйелдер ӘЧ бар. Енді, міне, ерлер Әлем чемпионатында төрелік еткен алғашқы мексикалық әйел атанып отыр. Ең маңыздысы, бұл тарихи сәт оның өз отаны Мексикада өтіп жатқан матчтар аясында жүзеге асып жатыр.

Айта кетейік, Мексика топтық кезеңде алғашқы екі ойында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне алғашқылардың бірі болып шықты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар