Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БАӘ жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге тыйым салды

kz.kursiv.media

БАӘ жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге тыйым салды

Біріккен Араб Әмірліктері 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салды. БАӘ бұндай шектеу енгізген алғашқы араб елі болып отыр деп жазады Reuters агенттігі.

Ел үкіметі қабылдаған қаулыға сәйкес, 15 жастан кіші балаларға әлеуметтік желілерде жеке парақша ашуға, оны пайдалануға немесе басқаруға рұқсат берілмейді. Олар қандай да бір мәлімет жариялай алмайды, пікір қалдыра алмайды, ақпаратпен бөлісе алмайды және ашық топтарға қосыла алмайды.

15 және 16 жастағы жасөспірімдер әлеуметтік желілерді пайдаланады, бірақ олар үшін қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Мысалы, жас ерекшелігіне сай келетін контент қана көрсетіледі, бейтаныс адамдармен сөйлесуге шектеу қойылады, экран алдында өткізетін уақытты бақылау құралдары орнатылады және ата-ана бақылауы функциясы қосылады. Бұл ережелер БАӘ аумағында жұмыс істейтін барлық әлеуметтік желілерге қатысты.

Енді компаниялар пайдаланушының жасын тексеретін жүйе енгізуі керек. Ол үшін сандық сәйкестендіру және жасанды интеллект технологиялары қолданылады, яғни бала өз жасын өтірік жазып, жүйені алдай алмайды.

Сондай-ақ платформалар 15 жасқа толмаған балалар ашқан парақшаларды бұғаттауға, жасты тексеру жүйесін айналып өту әрекеттеріне жол бермеуге және балалардың жеке деректерін жарнама жасау үшін пайдаланбауға міндетті. Компанияларға бұл жаңа ережелерге бейімделу үшін 12 айға дейін уақыт беріледі.

Айта кетейік, Ұлыбритания жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге шектеу қоймақшы. Жаңа ережелер 2027 жылы көктемде күшіне енуі керек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар