Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Volkswagen компаниясы Өзбекстанда зауыт ашты

kz.kursiv.media

Volkswagen компаниясы Өзбекстанда зауыт ашты

Volkswagen компаниясы Өзбекстанда алғашқы зауытын ашты. Ел президенті Шавкат Мирзиёев пен Германия федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер келіссөздерге қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан президенті баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты рәсімде Шавкат Мирзиёев пен Франк-Вальтер Штайнмайер арнайы батырманы басып, Volkswagen автокөліктерін шығаратын зауытты ресми түрде іске қосты.

Бұл жобаны Volkswagen компаниясы мен «Өзавтосаноат» құрамына кіретін «Alyans Auto» кәсіпорны бірлесіп жүзеге асырады. Жоспар бойынша зауытта Volkswagen-нің 7 түрлі моделі құрастырылады, бірақ олардың нақты қай үлгілер екені әзірге құпия сақталып отыр.

Бастапқы кезеңде көліктерді дайын бөлшектерден құрастыру жұмыстары Ташкентте жүргізіледі. Ал екінші кезеңде «Ангрен» еркін экономикалық аймағында толыққанды зауыт салынады. Онда шанақты дәнекерлеу мен сырлаудан бастап, бөлшектерді өздерінде шығаруға дейін толық цикл іске қосылады. Көлік құрастыруға қажетті бөлшектер Қытайдан жеткізілмек.

Бұл зауыттың көліктері тек Өзбекстан нарығында ғана сатылып қоймайды. Оларды Орталық Азияның басқа елдеріне, ТМД және Кавказ аймағына экспорттау көзделіп отыр.

Айта кетейік, биыл көктемде Volkswagen ID. Unyx 08 электрлі кроссовері сатылымға шықты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар