Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ЕуроОдақ заңсыз миграттар үшін Африка елдерінде арнайы хаб салмақ

kz.kursiv.media

ЕуроОдақ заңсыз миграттар үшін Африка елдерінде арнайы хаб салмақ

ЕуроОдақ парламенті өздері паналатудан бас тартқан, бірақ өз отанына қайтар алмайтын мигранттарды депортациялау ережесін мақұлдады. Жаңа регламент бойынша мұндай адамдар үшін Еуроодақтан (ЕО) тыс жерде арнайы уақытша тұру орталықтары (қайтару хабтары) салынады.

DW басылымының жазуынша, дауыс беруге қатысқан 666 еуродепутаттың 418-і бұл бастаманы қолдап, 218-і қарсы шықты, ал 30-ы қалыс қалды.

Қазір ЕО-дан шығарылатын мигранттардың тек төрттен бірі ғана өз еліне қайтады. Жаңа ережелер бұл көрсеткішті арттыруды көздейді.

Әзірге бұл хабтардың нақты қай жерде ашылатыны белгісіз, алайда Африка елдері ұсынылып отыр. Сонымен қатар, AFP ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан, Өзбекстан, Руанда және Уганда ЕО-ның депортация бойынша болашақ серіктестері атануы мүмкін.

Мұндай орталықтарды құруды Германия, Австрия және Дания сияқты миграциялық заңнаманы қатайтуды қолдайтын бірқатар ЕО елдері жақтап отыр.

Жаңа регламент ЕО аумағынан өз еркімен кетуден бас тартқан заңсыз мигранттарға қарсы санкцияларды да күшейтеді.

Оларды жиірек қамауға алу, Еуроодаққа қайта кіруге жүйелі түрде тыйым салу, сондай-ақ жәрдемақы төлемдерін қысқарту немесе толығымен тоқтату шаралары қарастырылған.

Бұл идеяны сынаушылар хабтарды үшінші елдерде емес, ЕО аумағында салуды ұсынады. Олардың пікірінше, Еуроодақтан тыс жерлерде адамдарды ұстау жағдайын бақылау қиынға соғады және мигранттардың негізгі құқықтарының бұзылу қаупі жоғары

Бұған дейін Испания 500 мың заңсыз мигрантқа жұмыс істеуге рұқсат берген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар