Астанада өңірлік мамандар көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін шыңдады
Астанадағы «Қазмедиа орталығында» еліміздің түкпір-түкпірінен келген тіл мамандарына арналған «Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті» атты екі күндік республикалық курс аяқталды.
18–19 маусым күндері өткен бұл шараны Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесе ұйымдастырды. Ауқымды курсқа еліміздің 16 өңірінен тілдерді дамыту саласында қызмет ететін 25 уәкілетті маман қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік қызметшілер мен тіл мамандарының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дамыту және қоғаммен байланыс (коммуникация) сапасын жаңа деңгейге көтеру.
Республикалық курстың ашылуында сөз сөйлеген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан қазіргі қоғамда шешендік өнердің маңызы ерекше екенін атап өтті.
«Қазіргі ақпараттық заманда маманның кәсіби біліктілігі тек атқарған жұмысымен ғана өлшенбейді. Оны көпшілікке түсінікті, нанымды әрі әсерлі жеткізе білуі де өте маңызды. Ойдың жүйелілігі мен сөздің анықтығы тыңдаушының сенімін қалыптастырады. Сондықтан көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдысы бүгінде кез келген маман үшін басты талаптың біріне айналды», – деді комитет өкілі.
Екі күндік оқу бағдарламасы барынша тығыз әрі нәтижелі жоспарланған. Курстың басты ерекшелігі – сабақтардың 80 пайызы тек практикалық жұмыстарға негізделді.
Тыңдаушылар арнайы тренингтер барысында мынадай маңызды бағыттарды меңгерді:
Қатысушылар жеке және топтық тапсырмаларды орындап, интерактивті жаттығулар арқылы өз дағдыларын іс жүзінде бекітті. Курс қорытындысы бойынша оқудан сәтті өткен барлық тіл мамандарына арнайы сертификаттар табысталды.
- Соңғы
- Маусым, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 маусым 2026