Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан Ресейден келген қиярларды елге кіргізбей қойды

kz.kursiv.media

Қазақстан Ресейден келген қиярларды елге кіргізбей қойды

Ресейден әкелінген 6 тонна жаңа піскен қияр фитосанитариялық талаптарға сай болмай шықты. Осы себепті өнім Ресей Федерациясына кері қайтарылды деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Министрліктің Мемлекеттік инспекция комитеті шекара арқылы өтетін өнімдердің қауіпсіздігін тексеру барысында осы заңбұзушылықты анықтаған. Белгілі болғандай, бұл көкөністер заңда көрсетілген ережелерге сәйкес арнайы фитосанитариялық бақылаудан дұрыс өтпеген. Бұл ел аумағына зиянкестер мен өсімдік ауруларының еніп кетпеуі үшін жасалған шара.

«Министрлік фитосанитариялық талаптарды сақтау елдің карантиндік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуының алдын алудың, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғаудың міндетті талабы екенін еске салады», – деп ескертеді ведомстводан.

Тексеріс отандық ауыл шаруашылығын қорғау үшін алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Тағы да оқыңыз: Қазақ-орыс шекарасында 1 мыңға жуық жүк көлігі кептеліп тұр

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар