Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шілдеде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады

kz.kursiv.media

Шілдеде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Астана мен Алматыда температура жиі өзгеріп, жаңбырлы күндер көп болады.

Елордада шілде айындағы орташа ауа температурасы +21,2 градус шамасында болып, климаттық нормаға жақын болады. Ай бойы салқын күндер мен аптап ыстық кезеңдер алма-кезек ауысып отырады.

Атап айтқанда:

Ай бойы найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жиі жауады. Дегенмен жауын-шашын мөлшері көпжылдық норма шамасында болады деп күтілуде. Кей күндері желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ал Алматыда шілде айындағы орташа ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болып, +26,4 градус деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Атап айтқанда:

Ай бойы жауын-шашын мөлшері көпжылдық норма шамасында болады деп болжануда. Сонымен қатар найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жиі жауады.

Айта кетейік бүгін, 19 маусымда оңтүстікте күн ыстық болады. Алайда өзге аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтілуде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар