Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

40 жыл еңбек өтілі барлар зейнетке ерте шығуы мүмкін

kz.kursiv.media

40 жыл еңбек өтілі барлар зейнетке ерте шығуы мүмкін

Қазақстанда 40 жыл еңбек өтілі барларды зейнетке ерте шығару шарты қарастырылып жатыр. Бастаманы Еңбек министрлігінде өткен кеңесте Сенат депутаты Амангелді Нұғманов көтерді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте зейнетақы қорының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және төлемдер деңгейін арттыруға бағытталған бастамалар ортаға салынды.

Сонымен қатар сарапшылармен және депутаттармен бірлесіп зейнетақы жүйесін жаңғыртудың бірнеше тұжырымдамалық тәсілі әзірленді.

Ең көп талқыланған ұсыныстардың бірі – Сенат депутаты Амангелді Нұғмановтың бастамасы болды. Ол зейнетке шығудың негізгі шарттарының бірі ретінде 40 жылдық еңбек өтілін белгілеуді ұсынды.

Дәлірек айтқан да 40 жылдық еңбек өтілі бар бюджеттік сала қызметкерлері үшін еңбек қызметін аяқтау мерзімін икемді анықтау мүмкіндігін енгізу ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, кеңесте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс беруші жарналарының 4%-ын азаматтың жеке зейнетақы шотына, ал 1%-ын ынтымақты (сақтандыру) құрамдас бөлікке аударуды көздейтін модельді таныстырды.

Мұндай шешімнің арқасында азаматтарға өмір сүру ұзақтығына қарамастан өмір бойы қаржылық қолдау көрсетіп, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Реформаны талқылауға белгілі экономистер мен сарапшылар қатысты. Оның ішінде Болат Жәмішев, Ораз Жандосов, Елена Бахмутова және Әлихан Байменов қатысты.

Еңбек министрлігі айтылған бастамалардың барлығы әзірге талқылау сатысында екенін және ұсынымдық сипатқа ие екенін айтты.

Бұған дейін министр Асқарбек Ертаев зейнетақы жүйесін реформалаудың екі нұсқасы қарастырылып жатқанын хабарлаған. Оның бірі «4+1» моделі. Миниср өзі аталған модельді қолдайтынын айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар