Рудныйдағы «ERG Service» зауытында жұмысшы қаза тапты
«ERG Service» ЖШС-нің Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытында жұмысшы қаза тапты.
Компанияның мәліметінше, қайғылы оқиға 19 маусымда электрмен болат балқыту цехында болған. Болат балқыту пешінде жұмыс істеп жатқан кезде кәсіпорын қызметкері қаза тапты.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«ERG Service» ЖШС ұжымы мен басшылығы қаза тапқан жұмысшының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания сонымен қатар марқұмның отбасына қажетті көмектің бәрі көрсетілетінін мәлімдеді.
Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, сәйкес оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында болған еді.
- Соңғы
- Маусым, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 маусым 2026