Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмолада жол апатынан бес адам қайтыс болды

kz.kursiv.media

Ақмолада жол апатынан бес адам қайтыс болды

Ақмола облысында жол апаты болып, бірден үш көлік соқтығысты. Екеуі сол мезетте жанып кеткен деп жазады жергілікті Nayza_kokshe басылымы.

Астана – Қорғалжын тасжолында, Оразақ және Өтеміс ауылдарының арасында Toyota Land Cruiser, Toyota Fortuner және KIA RIO автокөліктері қақтығысты. Соққы салдарынан KIA RIO жол жиегіндегі орға ұшып кеткен. Салдарынан бес адам қаза тапты. Тағы бес адам түрлі жарақаттармен елордалық ауруханаларға жеткізілді.

Басылымның атап өтуінше, апат кезінде жаңбыр жаумаған, қолайсыз ауа райы тіркелмеген. Сондықтан соқтығысуға адами фактор себеп болуы әбден мүмкін.

Өңірлік полиция департаменті бес адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ Павлодарда екі адам қаза тапқан жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр. Changan CS75 және Skoda Rapid автокөліктері соқтығысып, Skoda жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар