Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте жаңа зауыт ашылды

kz.otyrar.kz

Шымкентте жаңа зауыт ашылды

Шымкент қаласында макулатураны қайта өңдеп, картон қаптама өндіретін жаңа зауыт өз жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, кәсіпорынның маңыздылығына тоқталды.

Құны 2,5 миллиард теңгені құрайтын жоба «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған зауыт жылына 10 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы.Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы нәтижесінде 50 тұрақты жұмыс орны ашылып, қағаз қалдықтарын қайта өңдеу көлемі артады.

Сонымен қатар, экологиялық таза өндіріс технологияларын енгізу арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып, Шымкенттің өндірістік әлеуетін нығайтуға жол ашады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар