Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда электрокар көп, бірақ үлесі әлі мардымсыз

kz.kursiv.media

Алматыда электрокар көп, бірақ үлесі әлі мардымсыз

Қазақстанда электрлі көлік нарығы біртіндеп өсіп келеді. Дегенмен жалпы автопаркпен салыстырғанда электрокарлардың үлесі әлі де өте төмен. Ел бойынша 5 млн-нан астам жеңіл автомобиль тіркелсе, соның 24,6 мыңы ғана электрлі көлік. Яғни жалпы автопарктегі үлесі шамамен 0,49%.

Электрокар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі. Қалада 15 280 электрлі автомобиль тіркелген. Бұл Қазақстандағы барлық электрокардың 62%-ына жуығын құрайды. Басқаша айтқанда, елдегі әрбір үш электрокардың екеуі дерлік Алматыда жүр.

Ел бойынша 5,05 млн жеңіл автомобильдің 24,6 мыңы ғана электрлі. Ең жоғары үлес Алматы қаласында тіркелген.

Қазақстан бойынша жеңіл автомобиль

5 048 406

Оның ішінде электрлі

24 634

Электрокарлардың жалпы үлесі

0,49%

Шкала Алматы қаласының көрсеткішіне қатысты есептелді

Алайда Алматыны толыққанды «электромобиль қаласы» деуге әлі ерте. Өйткені қаладағы жеңіл автомобильдердің жалпы саны 627 мыңнан асады. Соның ішінде электрлі көліктердің үлесі небәрі 2,44%. Демек, Алматы электрокар саны бойынша айқын көшбасшы болғанымен, жалпы автопарк ішіндегі салмағы әлі мардымсыз.

Астанада 2 885 электрокар тіркелген. Бұл қаладағы барлық жеңіл көліктің 0,71%-ы ғана. Шымкентте электрлі көлік саны 949-ға жеткенімен, үлесі 0,38% шамасында. Өңірлердің басым бөлігінде көрсеткіш тіпті 0,1–0,2% аралығында қалып отыр.

Деректерге қарасақ, Қазақстандағы электрокар нарығы әзірге негізінен ірі қалаларда, әсіресе Алматыда шоғырланған. Бірақ абсолютті санның көп болуы нарық толық қалыптасты дегенді білдірмейді. Электрлі көлік әлі де жалпы автопарктің өте шағын бөлігін ғана құрайды.

Қысқасы, Алматы – электрокарлар ең көп қала. Соған қарамастан, тіпті Алматының өзінде электрлі көлік көпшілік мінетін көлік түріне айнала қойған жоқ. Нарық енді ғана қалыптасып келеді.

Еске сала кетейік, Қазақстандықтар шағын қозғалтқышты көліктерге көбірек ауыса бастағанын жасағанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар