Біреу келісіп, біреу керісіп кетті: VIII шақырылымда мәжіліс құрамы қалай өзгерді
VIII шақырылымдағы мәжіліс құрамы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 2023 жылдан бері төменгі палатадан бірнеше депутат кетті, бір бөлігі атқарушы билікке ауысса, бір бөлігі өз еркімен мандатын тапсырды, тағы бірінің өкілеттігі партия шешімімен тоқтатылды.
Мәжілістен кеткеннен кейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары атанды. Оның орнына Вера Ким келді.
Алғашқылардың бірі болып Мәжілістен Ғалымжан Елеуов кетті. AMANAT партиясынан сайланған депутаттың өкілеттігі 2023 жылғы 31 тамызда тоқтатылды. Кейін ол Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Оның орнына партиялық тізім бойынша Вера Ким Мәжіліске келді.
Respublica партиясынан сайланған депутат мандатын өз еркімен тапсырды. Оның орнына Айтуар Кошмамбетов келді.
2024 жылдың басында Динара Шүкіжанова өндіріске оралу керегін айтып, депутаттық мандатын өз еркімен тапсырды. Ол Respublica партиясынан сайланған еді. Оның бос мандаты кейін Айтуар Кошмамбетовке берілді. Орталық сайлау комиссиясы оны 2024 жылғы 12 ақпанда Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді.
Қаржы министрі болып тағайындалды. Оның орнына AMANAT тізімі бойынша Нұрсұлтан Байтілесов келді.
Сол жылы AMANAT фракциясынан сайланған Мәди Такиев те мәжілістен кетті. 2024 жылғы 6 ақпанда ол Қаржы министрі болып тағайындалды. Такиевтің орнына AMANAT тізімі бойынша Нұрсұлтан Байтилесов келді.
«Ақ жол» партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылды. Оның орнына Серік Ерубаев келді.
Асқар Садықовтың жағдайы өзгеше болды. «Ақ жол» партиясынан сайланған депутат 2024 жылы партиядан шығарылып, 28 тамызда депутаттық мандатынан айырылды. Партиясың сол кездегі төрағасы Азат Перуашев ол парламентте әйелге ыңғайсыз ұсыныс айтып, басы дауға қалды десе, экс-депутат мұны жоққа шығарып, Перуашев өзін қудалағанын айтты. Оның орнына «Ақ жол» тізімі бойынша Серік Ерубаев мәжіліске өтті.
Қазақстан халық партиясынан сайланған депутаттың өкілеттігі тоқтатылды. Оның орнына Асылбек Нұралин келді.
2025 жылдың қаңтарында Қазақстан халық партиясынан сайланған Гаухар Танашеваның өкілеттігі тоқтады. Партия мұны әдеттегі ротациямен түсіндірсе, Танашева өзін парламенттен үкімет пен халық арасында шынайы байланыс жоқ деген депутаттық сауалынан соң кетіргенін мәлімдеген. Оның мандаты ҚХП атынан Асылбек Нұралинге берілді.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Оның орнына Екатерина Смолякова келді.
Respublica партиясынан сайланған Руслан Берденов те Мәжілістен атқарушы билікке ауысқан депутаттардың бірі. 2025 жылғы ақпанда ол Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Алайда Берденов ол қызметте де ұзақ отырған жоқ. Оны әкімдікке қарасты коммуналдық қызметтің бұрынғы басшысы суық қарудан жаралап, шенеунік біраз уақыт ауруханада жатты. Артынша қызметінен кетті. Ал оның мәжілістегі орнына партия тізімімен Екатерина Смолякова келді.
«Ақ жол» фракциясынан сайланған депутат өз еркімен мандатын тапсырды. Оның орнына Олжас Нұралдинов келді.
«Ақ жол» фракциясында тағы бір ауыс-түйіс болды. Ержан Бейсенбаев 2025 жылы өз еркімен мандатын тапсырды. Оның орнына партия шешімімен Олжас Нұралдинов мәжіліс депутаты болып тіркелді.
Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Оның орнына Әбутәліп Мүтәлі келді.
2025 жылдың күзінде AMANAT депутаты Жұлдыз Сүлейменова мәжілістен үкіметке ауысты. Президент жарлығымен ол Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Оның орнына AMANAT партиялық тізімі бойынша Әбутәліп Мүтәлі депутат мандатын алды.
Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Орнына ешкім келмеген.
Кезекті ірі ауыс-түйістің бірі – Елнұр Бейсенбаевтың кетуі. Ол VIII шақырылымда AMANAT фракциясын басқарған. 2026 жылғы 9 ақпанда мемлекет басшысының өкімімен президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Кейін мәжілісте оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды. Ашық деректерде оның орнына жаңа депутат тіркелгені туралы нақты хабарлама көрінбейді.
Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.
Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевты 10-шы депутат ретінде тізімге қосылды. Ол 2023–2026 жылдары VIII шақырылым депутаты болып, 2026 жылғы 8 мамырда Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Оның да мәжілістегі орны бос тұр.
Kursiv.Media бір-екі аптадан кейін өкілеттігі тоқтайтын мәжілістің жұмысын қорытындылайтын сериалық материалдар жариялап келеді. Бұған дейін VIII шақырылым депутаттарының резонанс тудырған 8 заңы туралы жазған.
Оның алдында депуттаттар жолдаған сауалдарды талдап, олардың белсенділігін анықтауға бағытталған сараптама жасаған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 маусым 2026