Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бірнеше өңірде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

kz.kursiv.media

Бірнеше өңірде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде осы аптада 42 градусқа дейін аптап ыстық болатынын «Қазгидромет» ескертті. Оңтүстікте ғана емес, солтүстік өңірлерде де ауа температурасы қатты көтеріледі.

Мәліметтерге қарағанда, 22-30 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, ал 22-23 маусымда Қарағанды, Павлодар облыстарының оңтүстігінде 41 градус ыстық болады. Оңтүстіктегі өңірлердің кейбірінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.

22 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Дауыл тұрады. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус ыстық болады. Өрт қаупі жоғары.

Дүйсенбі күні Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында өрт шығуы мүмкін.

Бүгін Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус ыстық болады. Облыста өрт шығу қаупі бар.

22 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-38 градус ыстық болады. Өрт шығу қаупі бар.

Дүйсенбі күні күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін күшейеді. Күндіз 35-38 градус ыстық болады.

22 маусымда Абай облысында күндіз 35-38 градус ыстық болады. Өрт шығу қаупі бар.

Дүйсенбіде күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауады. Жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус ыстық болады.

Солтүстік облыстар

Бүгін түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, ал солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде 39 градус ыстық болады.

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел соғып, екпіні кей уақытта 25 м/с дейін күшейеді. Күндіз 35 градус ыстық болады.

22 маусымда күндіз Павлодар облысында 35-38 градус қатты ыстық, ал өңірдің оңтүстігінде 41 градус ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары.

Бүгін күндіз Ақмола облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз 35-38 градус ыстық болады.

Дүйсенбіде күндіз Ұлытау облысында 35-38, ал өңірдің батысы мен оңтүстігінде 41 градус ыстық болады. Өрт шығу қауіп бар.

Бүгін Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде 38 градус ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары.

22 маусымда Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Дауыл тұрады. Өрт шығуы мүмкін.

Бүгін түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады. Кейде соңы нөсерге айналып, батысы мен шығысында бұршақ түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Дүйсенбіде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

22-23 маусымда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, 22 маусымда күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, 23 маусымда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

22-24 маусымда күндіз Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында 30-38 градус қатты ыстық күтіледі, 22 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде, 22-23 маусымда Қарағанды, Павлодар облыстырының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

22-24 маусымда күндіз Абай облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

22-30 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

Қатты және өте қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 22 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Шымкент қ.: 22 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар