Әл-Фарабидегі апат: Александр Пак 10 жылға сотталды
Әл-Фараби даңғылында үш адамды қағып өлтірген Александр Пак 10 жылға сотталды.
Бұған дейін қылмыстық істегі прокурор Әлібек Күмісбеков сотталушы Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сондай-ақ Пак жәбірленушіге 10 млн теңге төлеуге міндеттелді.
«Александр Пак Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын», – деді судья.
Сондай-ақ Пак өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды.
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төмен мекемесінде өтейді.
Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі айқын және куәлар жауабы және жүргізілген сараптамалар қорытындысы негізінде дәлелденген.
2026 жылдың 21 наурызына қараған түні әл-Фараби даңғылында апат болып, үш адам қаза тапты. Олар: 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек.
Сот барысында айыпталушы Александр Пак кінәсін мойындап, марқұмдардың отбасынан кешірім сұрады. Сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін де қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Ал жәбірленуші тарап Александр Пакқа кешірім беріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 маусым 2026