Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әзербайжан жағалауында Каспий теңізіне ірі көлемде мұнай төгілді

kz.kursiv.media

Әзербайжан жағалауында Каспий теңізіне ірі көлемде мұнай төгілді

Каспий теңізінде мұнай құбыры жарылып, суға мұнай жайылды. Қазір шикізат тасымалдау тоқтатылды деп жазады Report.

19 маусымда «Азнефть» кәсіпорнының орталық аппаратына Дюбенди жағалауы аймағында мұнай жайылғаны туралы ақпарат түскен. Мұны Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) растады.

Кейін тікұшақпен барлау кезінде Дюбенди жағалауы мен Пираллаха аралы арасындағы су айдынында мұнай дағы байқалған. Сараптама қорытындысы бойынша, шикізат жайылуына «Азнефтьке» тиесілі мұнай құбырларының бірі жарылуы себеп болған.

Сүңгуірлер құбыр айналысын тексеріп, әлденеден зақымдалғанын анықтады. Ол кеменің зәкірімен жанасып, тесілуі мүмкін. Осыдан кейін бірден аталған құбырдан мұнай тасымалдау тоқтатылды. Апатты жою үшін арнайы штаб құрылды.

Қазір апаттың салдарын жою, су айдынын және жағалау аймақты тазалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жөндеу қай уақытта аяқталатыны және экологияға қандай көлемде зиян келгені белгісіз.

SOCAR – Әзербайжанның мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы. Ал «Азнефть» оған тиесілі құрылымның бірі деп саналады.

Тағы да оқыңыз: Әзербайжан компаниясы Қазақстанда мұнай өндіруді көздеп отыр

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар