Әлем чемпионаты: Мысыр Жаңа Зеландияны жеңіп, G тобында көш бастады
Футболдан Әлем чемпионатының 2-туры аясында G тобындағы маңызды кездесу өтті. Жаңа Зеландия мен Мысыр құрамалары арасындағы матч жанкүйерлерге тартысты әрі голға толы ойын сыйлады.
Кездесуді Жаңа Зеландия құрамасы белсенді бастады. Ойынның 15-минутында Пейннің асырған бұрыштама добынан Сурман есеп ашып, Океания өкілдерін алға шығарды. Алғашқы 45 минут 1:0 есебімен Жаңа Зеландияның пайдасына аяқталды.
Екінші таймда мысырлықтар қарқынды үдетті. Ойын ағымын өзгертуге көшкен «перғауындар» бірінен соң бірі гол соқты:
58-минутта Зико таразы басын теңестірді – 1:1. Араға он минут салып, Мысырдың басты жұлдызы Мұхаммед Салах Зиконың ассистін голға айналдырып, құрамасын алға шығарды – 1:2. 82-минутта Салахтың пасынан кейін алаңға тыңнан қосылған Трезеге матчтың нүктесін қойды – 1:3
Осы жеңістен кейін Мысыр құрамасы маңызды 3 ұпайға қол жеткізіп, 4 ұпаймен G тобында көш бастады.
Жаңа Зеландия құрамасы 2 ойыннан кейін 1 ұпаймен соңғы орынға сырғыды. Ал Мысыр бұл жеңісі арқылы плей-офф (1/16 финал) кезеңіне бір табан тіреді.
Еске сала кетейік, бұған дейін H тобында Испания құрамасы алғашқы жеңісіне жеткен еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 маусым 2026