Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ел жолдарына электромобильдерге арналған 250 қуаттау стансасы салынады

kz.kursiv.media

Ел жолдарына электромобильдерге арналған 250 қуаттау стансасы салынады

Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдардың бойына заманауи эко-сервис стансалары салынады. Үкімет бұған 180 млрд теңге жеке инвестиция тарту туралы келісімді мақұлдап, премьер-министр тиісті қаулыға қол қойды.

Жобаны Көлік министрлігі мен «Car Park Transformer» ЖШС бірлесіп қолға алған. Жоспар бойынша 2030 жылға дейін елдегі күре жолдардың бойында, қазіргі демалыс алаңдарында 250 жаңа қызмет көрсету стансасы бой көтереді. Оның алғашқы 50 нысаны дәл биыл салынып, пайдалануға берілмек.

Олар жай ғана тұрақ емес, жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейтін заманауи көпфункционалды кешендер болады. Ішінде сауда орындары мен қызмет көрсету пункттері, электромобильдерді қуаттайтын стансалар, тоқпен қамтуға арналған күн панельдері де орналаспақ.

Жобаның өңірлер үшін де әлеуметтік пайдасы зор. Құрылыс пен сервистің арқасында жергілікті жерлерде 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазір Қазақстанның халықаралық және республикалық тасжолдарының бойында 1 428 қызмет көрсету нысаны жұмыс істеп тұр.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда электромобильдерді ең көп тізгіндейтін қала анықталды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар