Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дипломатиялық жанжал: Италия сыртқы істер министрі АҚШ-қа сапарын тоқтатты

kz.kursiv.media

Дипломатиялық жанжал: Италия сыртқы істер министрі АҚШ-қа сапарын тоқтатты

Италия дипломатиясының басшысы Антонио Таяни бұл шешімді АҚШ Президенті Д. Трамптың Италия Премьер-министрі Дж. Мелониге қатысты мәлімдемелерімен байланысты жағдай аясында қабылдады.

Италиялық дипломаттың сапары 21–22 маусымда өтуі тиіс еді. Алайда ол Ақ үй басшысының италиялық La7 телеарнасына берген шулы сұқбатына Италияның білдірген реакциясына байланысты тоқтатылды.

Эфирде Америка лидері Италия Премьер-министрі Дж. Мелони G7 саммиті аясында өзімен суретке түсуін «жалбарынып сұрағанын» және өзі «аяушылықтан» келіскенін мәлімдеген.

Дж. Мелони Д. Трамптың бұл мәлімдемелерін «толығымен ойдан шығарылған» деп атап, «не өзі, не Италия ешқашан төмендемейтінін және ештеңе сұранбайтынын» баса айтып, шұғыл жауап қайтарды. Италия Президенті Серджо Маттарелла оған қолдау білдірді.

Таяни Х әлеуметтік желісінде мәлімдесе жасады.

«Президент Трамптың Премьер-министр Джорджа Мелонидің дарегейіне айтқан ауыр әрі балағат сөздері бүкіл Италияны қорлайды. Сондықтан мен АҚШ-қа сапарымды тоқтатуды жөн көрдім», – деп жазды ол.

Бұған дейін саммитте Украина, Ресей және Ирандағы ахуал талқыланғанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар