Қазақстан мен ЕО Шенген визасы бойынша келіссөздердің мәресіне жетті
Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы виза тәртібін жеңілдету туралы келіссөздер мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстанның ЕО-дағы елшісі Роман Василенко мәлімдеді.
«Біз виза тәртібін жеңілдету және реадмиссия (елден шығарылған азаматтарды кері қабылдау) туралы келісімдер бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын қалдық. Бұл құжаттар жолаушылардың Қазақстан мен Еуропа елдері арасында оңайырақ саяхаттауына мүмкіндік беруі тиіс», – деді Василенко.
Екі құжат бір пакетте қарастырылып жатыр. Бірақ бұл жерде әңгіме Қазақстан мен Еуропалық одақ елдері арасында толықтай визасыз режим енгізу туралы емес екенін түсіну керек. Жеңілдету туралы келісім виза рәсімдеу кезіндегі әкімшілік кедергілерді азайтуды көздейді. Яғни, қажетті құжаттар тізімі қысқарады, консулдық алымдар азаяды және азаматтардың кейбір санаттары (студенттер, бизнесмендер, журналистер, ЕО азаматтарының туыстары) үшін виза алу тәртібі жеңілдейді.
Еуропаға бару үшін бұрынғыша виза рәсімдеу қажет болады, бірақ бұл процестің өзі әлдеқайда оңай, жылдам және қолжетімді сипатқа ие болуы тиіс.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 маусым 2026