Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақылы қызметке абайсызда қосылуға тосқауыл қойылады

kz.kursiv.media

Ақылы қызметке абайсызда қосылуға тосқауыл қойылады

Енді телефонға байқаусызда саусағыңыз тиіп кетіп, ақылы қызметке қосылу артта қалады. Енді бұл абоненттің қос келісімімен ғана қосылады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министргілі байланыс қызметін реттеуді қолға алды.

«Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына маңызды өзгерістер енгізді. 18 маусымда қол қойылған бұйрық азаматтарға барынша жайлылықты қамтамасыз етуге және олардың цифрлық ортадағы құқықтарын сенімді қорғауға бағытталған», – деп хабарлады министрлік.

Енді қосымша ақылы байланыс және интернет қызметтері абоненттің екі мәрте келісімімен ғана қосылады. Оны жеке кабинет, SMS, қоңырау немесе USSD-сұраныс арқылы растауға болады.

Сонымен қатар, операторларға жіберіп алынған қоңыраулар туралы хабарлау үшін қысқа «маяк» қоңырауларын пайдалануға толықтай тыйым салынады. Сонымен қатар, пайдаланушыларға операторлардың кез келген жарнамалық және ақпараттық таратылымдарынан оңай бас тарту мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ, 14 жасқа толмаған балаларға нөмірлерді тіркеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Енді бұл процедураны тек заңды өкілдері биометриялық сәйкестендіру арқылы жүргізеді. Бір кәмелетке толмаған балаға тек бір нөмір ғана рәсімделе алады.

Жаңа нормалар 28 маусымнан бастап күшіне енеді.

Мұның алдында аталған министрлік елде интернет неге нашарлағанын түсіндірген болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар