Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлем чемпионатындағы саяси дау: Иран АҚШ-тың үстінен ФИФА-ға шағымданбақ

kz.kursiv.media

Әлем чемпионатындағы саяси дау: Иран АҚШ-тың үстінен ФИФА-ға шағымданбақ

Иран футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрамаға көрсетілген қысым үшін ФИФА-ға ресми шағым түсірмек. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұған АҚШ билігінің иран футболшыларының елге кіріп-шығуына қойған қатаң шектеулері себеп болған.

Саяси текетірестер мен виза алудағы кедергілер кесірінен Иран құрамасы қазір көрші Мексиканы паналауға мәжбүр.

Олар АҚШ-қа тек матч болатын күндері ғана ұшып келе алады. АҚШ билігі ирандық ойыншылардың ел аумағына ойынға 24 сағат қалғанда ғана кіруін және матч аяқталған бойда бірден шығып кетуін талап етіп отыр.

Команданың бас бапкері Амир Галенои бұл шешімге ашық наразылық білдіріп, өз құрамасының турнирдегі ең сорақы әрі теңсіз жағдайға тап болғанын мәлімдеді.

Иран футбол федерациясы бұл шектеулерді спорттағы әділдік пен командаларға тең мүмкіндік беру принциптеріне мүлдем қайшы деп есептейді.

Бапкерлер штабы футболшылардың климатқа бейімделіп, толыққанды дайындалуы үшін ойын орнына екі күн бұрын баруды жоспарлаған, бірақ АҚШ бұл өтінішті орындаудан бас тартқан. Мұндай қысым Жаңа Зеландиямен болған алғашқы матчқа (2:2) дайындықты айтарлықтай нашарлатқан.

Қазірше бұл даулы жағдайға қатысты ФИФА да, АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі де ресми мәлімдеме жасамай, үнсіз отыр. Осы шектеулерге қарамастан, Иран құрамасы алдағы матчтарына дайындалып жатыр: олар 21 маусымда Лос-Анджелесте Бельгиямен, ал 27 маусымда Сиэтлде Мысыр құрамасымен ойнайды.

Әлем чемпонаты АҚШ, Канада және Мексика жасыл алаңдарында өтіп жатыр. Маусымның 19-нан 20-на қараған түні жанкүйерлер С және D топтарындағы екінші тур матчтарын тамашалады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар