Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шығыс Қазақтанда 28 ауыл ішімдіктен бас тартты

kz.kursiv.media

Шығыс Қазақтанда 28 ауыл ішімдіктен бас тартты

Шығыс Қазақстан облысында алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тартқан ауылдар саны 28-ге жетті.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Тарбағатай ауданындағы Қамысты ауылы тұрғындары алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

«Бүгінде ауылда 22 үй бар, онда 89 адам тұрады. Тұрғындар санының аздығына қарамастан, ауыл халқы қоғамдық өмірге белсенді араласып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтарды сақтауға және қоғамдағы қолайлы ахуалды нығайтуға ерекше көңіл бөледі. «Алкогольсіз ауыл» бастамасына қосылу туралы шешімді жергілікті жұрт ерікті түрде және бірауыздан қабылдады, – делінген ақпаратта.

Ауыл халқы алкогольден бас тарту денсаулықты нығайтуға, жауапкершілікті арттыруға және балалар мен жастарды тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасауға ықпал ететіндігін жеткізді.

Осылайша, Қамысты ауылы осы бастаманы қолдаған Шығыс Қазақстан облысындағы 28-ші елді мекен атанды.

Сонымен қатар Атырау облысында 57-елдімекен ішімдіктен бас тартқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар