Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда енді қытайлық GAC машиналары құрастырылады

kz.kursiv.media

Қазақстанда енді қытайлық GAC машиналары құрастырылады

Қазақстанда енді қытайлық GAC автомобильдерін құрастырып, өндірісін толықтай елімізге бейімдемекші. Қытайда іс-сапармен жүрген премьер-министр Олжас Бектенов Guangzhou Automobile Group директорлар кеңесінің төрағасы Фэн Синьямен кездесіп, осындай келісімге келді.

Екі тарап кездесуде Қазақстанда автомобиль өндірісін дамыту мәселесін сөз етті. Жоба жүзеге асса, Қазақстанға GAC автомобильдерін сырттан дайын күйінде әкеліп сатпай, оны өз елімізде құрастыратын болады.

Алдағы екі жылда GAC зауытында кәдімгі бензинмен жүретін де, электр мен бензинді қатар тұтынатын гибридті де модельдерді қоса алғанда, барлығы 17 мың дана автокөлік шығару жоспарланып отыр.

GAC компаниясы – Fortune Global 500 рейтингіне кіретін Қытайдың ірі автомобиль өндірушісі. Түрлі брендтермен автокөліктің бірнеше түрін нарыққа шығарады. Мысалы, Trumpchi маркасымен жеңіл көліктерді, Gonow атауымен жеңіл және жүк көліктерін, Changfeng Motor брендімен жол талғамайтын көліктерді, ал GAC Bus маркасымен автобустарды саудалайды.

Айта кетейік, биыл ел нарығына Deepal мен Avatr көліктері де келеді. Екі бренд электромобильдер мен гибридті автоларын биыл күзде шығаруды жоспарлап отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар