Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуропада 45 градус ыстық: Францияда қырық адам суға кетті

kz.kursiv.media

Еуропада 45 градус ыстық: Францияда қырық адам суға кетті

Аптат ыстық Еуропа елдерін әбігерге салды. Кейінгі бірнеше күнде Францияда қырық адам суға кетсе, Испанияда ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілді.

Франция премьер-министрі өткен демалыс күндерден бері елде ыстықтан бас сауғалаған 40 адам суға кеткен. Ұлыбритания, Италия және Испанияда да күн қатты ысыды.

Дүниежүзілік метеорология ұйымының мәліметінше, басқа әлемге қарағанда, Еуропада ауа температурасы екі есе жоғары жылдамдықпен көтеріліп келеді. Қазіргі ыстықты «омега-блок» деп аталатын құбылыс туғызған. Осындай атмосфералық құбылыс кезінде ауа массалары өте баяу қозғалады немесе бір орнында апталар бойы тапжылмай тұрып алады. Соған қарағанда, Еуропада ыстық әлі біраз уақыт басылмайтын сияқты.

Францияның батыс аудандарында ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілді. Париж дүкендерінде желдеткіш таусылып қалған.

Италия 15 қалада қауіптің ең жоғарғы деңгейін жариялады. Үкімет бірнеше секторда жұмысты тоқтатты немесе қысқартты.

Ұлыбританияда сейсенбі күні 37 градус ыстық болады. Одан кейінгі күндері одан жоғары көтеріледі. Тұманды альбион үшін маусым айындағы жаңа рекорд. Соған байланысты ондаған мектеп ерте жабылғалы жатыр.

Испания билігі де ескерту жариялап жатыр. Мәселен, дүйсенбі күні Андухар өңірінде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген.

Еуропада күн қатты ысып, бірнеше адам қайтыс болғанын Kursiv.Media бұған дейін де жазған. Қазақстанның бірнеше өңірінде осы аптада күн қатты ысыды. Ескертуді «Қазгидромет» жариялап отыр. Мәселен, Қызылорда облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар