Ербаян Мұхтардың ауруханада жүрегі тоқтап қалды
Ұлттық ұланның әскери бөлімінда жарақат алып, бірнеше жыл бойы ауыр жағдайда ауруханада жатқан Ербаян Мұхтардың жүрегі тоқтап қалды. Ақпаратты отбасының адвокаты Инга Иманбай растады.
Инга Иманбайдың айтуынша, кешкі уақытта оның ата-анасына Ербаян жатқан Астанадағы ұлттық шұғыл медициналық ауруханадан хабарласып, ұлдарының жүрегі тоқтағанын хабарлаған. Ербаян Мұхтар 27 маусым күні 24 жасқа толатын еді.
Ақпаратқа сүйенсек, жас жігіттің жүрегі 3 рет приступ берген. Содан кейін шашамен сағат кешкі тоғыздан кейін жүрегі тоқтап қалған.
Ербаян Мұхтар Алматы қаласындағы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет өткерген. 2023 жылдың желтоқсанында ол ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түскен.
Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның «дәретханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын» айтқан. Алайда ауруханаға түскен кезде дәрігерлер оған мидың ауыр жарақаты, жедел субдуралды гематома, шүйде сүйегінің сынуыжәне өзге де ауыр жарақаттар диагнозын қойған. Ербаян бірнеше операцияны бастан өткеріп, сал болып қалған.
Туыстары жазатайым оқиға туралы нұсқаға сенбей, жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Қазақстандықтар Ербаянның еміне 224 миллион теңгеден астам қаржы жинаған. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі, ІІМ және Қорғаныс министрлігі емдеу мен Ыстанбұлға ұшудыұйымдастыруға көмектесті.
Алайда бір ай бұрын Ербаянның жағдайы күрт нашарлағаны туралы ақпарат тараған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
- Маусым, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 маусым 2026