Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бір жылдық күнәні жоятын күн: 25 маусым - Ашура күні

kz.kursiv.media

Бір жылдық күнәні жоятын күн: 25 маусым - Ашура күні

Мұсылман күнтізбесіндегі қасиетті Мұхаррам айында келетін айтулы күндердің бірі – Ашура күні. «Ашура» сөзі араб тілінен аударғанда «оныншы» деген мағынаны білдіреді, яғни бұл – Мұхаррам айының оныншы жұлдызы. ҚМДБ мәліметінше, 2026 жылы бұл қасиетті күн 25 маусымға сәйкес келіп тұр.

Ислам тарихында Рамазан айының оразасы парыз етілгенге дейін Ашура күні ораза ұстау міндеттелген болатын. Хадистерге сүйенсек, Құрайш қауымы жаһилият заманында да осы күні ораза тұтатын. Алла елшісі Мәдинаға келгенде де бұл дәстүрді жалғастырып, мұсылмандарға ораза ұстауды бұйырды. Кейіннен Рамазан оразасы парыз болған соң, Ашура күні ораза тұту әркімнің өз еркіне қалдырылды.

Мұхаммед пайғамбар бұл күннің қадір-қасиеті туралы былай деген:

«Рамазан оразасынан кейінгі ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам айында тұтылған ораза». «Ашура күнінің оразасы өткен жылдың күнә-қателіктерін өшіреді деп үміт етемін».

Ханафи мәзһабының пәтуасы бойынша, Ашура күні ораза ұстау – сүннет. Алайда бұл құлшылықтың өзіндік ерекшелігі бар:

Ашура күнін ғана жеке-дара тұту яһудилердің амалына ұқсап қалатындықтан, бұл іс күнәсі аз, ұнамсыз іс санатына жатады. Сүннетке сай болуы үшін Ашура күніне оның алдыңғы (тоғызыншы) немесе кейінгі (он бірінші) күнін қосып, екі күн ораза тұту – сүннет болып саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМДБ Чайлдфриге қатысты үкім шығарған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар