Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық инвесторлар қандай компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алып жатыр

kz.kursiv.media

Қазақстандық инвесторлар қандай компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алып жатыр

Өткен аптада қазақстандық инвесторлар теңгедегі секторда BI Development, KMF Банк және Capital Leasing Group компанияларының облигацияларына үлкен қызығушылық танытты. Ал доллардаңы секторда BASS Gold пен Fincraft Group компанияларының борыштық қағаздары ең көп таңдалған активтер қатарына енді.

Teniz Capital Investment сарапшыларының талдауынша, нарық қатысушылары тұрақты табыс әкелетін құралдарға қаржы құйып жатыр.

Биржада негізінен мемлекеттік бағалы қағаздар сауда*саттығы қызған. Олардың екінші деңгейлі нарықтағы орташа кірістілігі жылдық 14,5% – 15,95% аралығында қалыптасты. Қазіргі уақытта нарықта инверсия құбылысы байқалады.

Яғни, қысқа мерзімді (2026–2027 жылдары өтелетін) мемлекеттік облигациялар бойынша жоғары пайыз(15,6% – 16%) ұсынылса, ұзақ мерзімді (2032–2033 жылдары өтелетін) қағаздардың кірістілігі 14,5% маңында төмен болып тұр.

Бұл жағдай қысқа мерзімдегі тәуекелдер үшін жоғары сыйақы сұрау және болашақта пайыздық мөлшерлемелер төмендейді деген болжам себеп.

Саудаға қатысушылардың қатары корпоративтік сектор көп болды. Инвесторла тәуекелге бел буып, жоғары табыс табуға ұмтылып жатыр.

Теңгемен шығарылған корпоративтік қағаздардың орташа кірістілігі жылдық 20% – 23% аралығында қалыптасқан.

Мемлекеттік және корпоративтік облигациялар арасындағы пайыздық айырмашылықтың жоғары болуы бұл сектордың тартымдылығын арттырып отыр. Теңгедегі корпоративтік қағаздар ішінде ең танымалдары: «BI Development» (кірістілігі – 20,00%), «KMF Банкі» (кірістілігі – 20,98%) және «Capital Leasing Group» (кірістілігі – 23,00%) болды.

Жаһандық нарықтардағы белгісіздік пен теңге бағамына қатысты болжамдар аясында шетелдік валютадағы активтерге деген сұраныс тұрақты. Долларлық корпоративтік облигациялардың кірістілігі 10% – 11% (кейде 12,91%-ға дейін) шегінде болды.

Мұнда Fincraft Group, «Смартолет Финанс», «Лизинг Групп» және BASS Gold қағаздары үлкен сұранысқа ие болды.

Халықаралық деңгейде инвесторлар АҚШ, Венгрия және Оңтүстік Африка Республикасының мемлекеттік облигацияларын жиі таңдаған.

Жалпы алғанда, қазіргі сұраныс құрылымы инвесторлардың жоғары табысты бекітіп алуға деген ұмтылысы мен тәуекелдерге деген сақтығы арасындағы теңгерімді көрсетеді. Нарық алдағы уақытта да Ұлттық Банктің сигналдары мен инфляция динамикасына сезімтал болып қала бермек.

Облигация – қарыздық бағалы қағаз. Қарапайым тілмен айтқанда, облигация сатып алу – мемлекетке немесе компанияға қарызға ақша беру деген сөз. Сіз облигацияны сатып алған кезде, облигация шығарушы компанияға немесе мемлекетке белгілі бір уақытқа ақша қарызға бересіз. Сол мерзім аяқталғаннан кейін, олар сізге негізгі соманы және келісілген пайызыңызды қайтарады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар