Алматыда дәрілік заттарды заңсыз өндіріп сатқан 4 фармацевтикалық компания анықталды
Алматы қаласында көрші мемлекеттерден дәрілік препараттарды контрабандалық жолмен әкеліп, оларды елдегі дәріханалар желісі арқылы өткізумен айналысқан төрт фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметі анықталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу барысында күдіктілердің дәрілік заттарды, соның ішінде құрамында психотроптық заттары бар препараттарды қолдан жасап, заңсыз өндірілгенін анықтады.
Бірнеше қойма мен жасырын өндірістік цех табылды. Контрафактілік өнімдер антисанитариялық жағдайда дайындалғандықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Жедел іс-шаралар аясында аталған заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақшалай сыйақы үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша сараланды.
«Тауар айналымы мен қаржылық ағындарға жүргізілген талдау көлеңкелі схемалардың, контрабандалық және контрафактілік қызметтің болғанын растады», – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлға, сондай-ақ дәрілік заттарды жеткізу арналарының, оның ішінде шетелден жеткізу жолдарының барлығын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
- Соңғы
- Маусым, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
-
-
- Маусым, 22
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 маусым 2026