Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Мойнындағы трубасында ірің": Ербаянның отбасы дәрігерлерді айыптап отыр

kz.kursiv.media

Мойнындағы трубасында ірің: Ербаянның отбасы дәрігерлерді айыптап отыр

24 маусымға қараған түні Ұлттық гвардияның бұрынғы сарбазы Ербаян Мұхтардың жүрегі тоқтап қалды. Алайда оның отбасы мәлімдеме жасап, әскеридің өліміне дәрігерлерді айыптап отыр.

Ербаянның ағасы Наурызбай Сәкібаевтың сөзінше, өткен айда сарбаздың пневмониясы асқынып, ауруханаға алып кеткен. Арада 20 күн өткенде дәрігерлер оның анасына хабарласып, ұлының қайтқанын естіртеді.

«Үйде жап-жақсы жүрген, оның пневмониясын өзіміз емдеген едік. Кейін жедел-жәрдем шақырып, олар Ербаянды алып кетті. Ауруханада 20 күндей жатты. Менің телефонымда видеоларды сақталған, ол демалған трубасы іріңге толып кеткен. Оған ешкім қарамаған. Содан кейін инфекция кеткен ғой», – деді ол Masa Media редакциясына.

24 маусымға қараған түні Ербаянның денесін экспертизаға моргке жіберді. Дегенмен оның отбасы тексеру әділ өтетіне сенбейді, сондықтан оның мәйітін ашпауды сұрап отыр.

Бүгін таңертең Ербаянның өліміне қатысты Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мәлімдеме жасады. Олар сарбаз өз ажалымен өмірден өтті деп түсіндірді. Мамандардың сөзінше, ауыр бас-ми жарақатының салдары мен оған қосылған асқынулар аясында науқастың жүрегі тоқтаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар