Алматы полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды – Күдікті әйелі мен ұлы
23 маусым күні Кеген асуы маңынан күйген мәйіт табылғаны туралы хабар түскен. Марқұмның жеке басы анықталды.
Polites News ақпаратына қарағанда, оның Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, 37 жастағы Аслан Әлсеров екені белгілі болды.
Тергеу мәліметінше, ер адам кісі қолынан қаза табуы мүмкін. Кейін қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті өртеуге әрекет жасалған. Қылмыстық іс «Ауырлататын мән-жайлардағы адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр.
Алдын ала нұсқа бойынша, іске марқұмның бұрын полицияда қызмет еткен жұбайы, кәмелетке толмаған ұлы және тағы бір адамның қатысы болуы мүмкін. Тергеу жалғасуда.
Заң бойынша, күдіктілердің кінәсі сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып есептеледі.
Айта кететін жайт, Шымкентте анасын өлтіріп, өртеп жіберген күдікті психикалық ауруы бар екеніне байланысты сотталмады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
-
-
- Маусым, 22
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 маусым 2026