Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаңа Конституция Брайль қарпінде жарық көрді

kz.otyrar.kz

Жаңа Конституция Брайль қарпінде жарық көрді

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Брайль қарпімен басылған Жаңа Конституция таныстырылды. Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың Ата Заңды оқуына мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғауға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жиын барысында қатысушылар Брайль қарпінде жарық көрген Конституцияның маңызына тоқталып, Ата Заңның баршаға бірдей қолжетімді болуы қоғамдағы теңдік пен әділет қағидаттарын нығайтатынын атап өтті.

Алдағы уақытта Брайль қарпімен басылған Конституцияның даналары өңірлердегі арнайы кітапханалар мен зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсететін мекемелерге жолданады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар