Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының басшылық құрамы жасақталды

kz.otyrar.kz

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының бірінші конференциясы өтіп, оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.

Конференцияның күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау, сондай-ақ партияның Шымкент қалалық филиалының басшы органдарын қалыптастыру мәселелері қаралды.

Ашық дауыс беру нәтижесінде Мұрат Жаңабайұлы Жолдыхожаев бірауыздан «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының басшысы болып сайланды.

Мұрат Жаңабайұлының мемлекеттік және қоғамдық-саяси салада көпжылдық тәжірибесі бар. Жаңа қызметінде ол қалалық филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсат-міндеттерін іске асыруға, азаматтармен тиімді байланыс орнатуға және өңірдегі партия қызметінің нәтижелілігін арттыруға басшылық жасайтын болады.

Саяси кеңестің құрамына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген түрлі салалардың өкілдері енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да салалардың өкілдері бар.

Ал Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, құқық және өзге де бағыттарда мол тәжірибесі бар білікті мамандар сайланды.

Осылайша, партияның Шымкент қалалық филиалының басшылық құрамы толық жасақталды. Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізуге, партияның бағдарламалық бастамаларын іске асыруға, сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен, азаматтық қоғам институттарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға басымдық береді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар