«Қазақтың жарты тарихы – жалған»: Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)
Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, Украинадағы жағдай, Қазақстанның билігі, Байқоңырдағы жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Біздің қоғам қуғанға да, қашқанға да серік. Өз өмірлерін сүріп жатқан жоқ. Біреудің соғысына ілескісі келеді, өзіміздегі өмір қайғылы, мұңды болып көріне ме? Өз өмірімізді сүрудің орнына әлеуметтік желілердің алгоритмі айдап салған тақырыптарға жақындай береміз. Бұл үлкен қателік. Қалай дегенде де Қазақстанның өзіндік орны бар. Қазақстан аю мен айдаһардың, Ислам әлемі мен Батыс әлемінен аман қалу үшін өзіндік ойын ойнау керек,» – деді ол. Сұхбат барысында депутат Айдос Сарым қазақтардың қазақ тарихын да оқымағанын айтып, тарихтың жартысы мифтен құралғанын жеткізді. «Біздің қазақ қазақ тарихын да оқымаған. Біздің қазақтың басындағы тарихы – мифтен құралған жалған тарих. Қазір қазақтар айтып жүрген әңгіменің 70 пайызы миф екенін дәлелдеп бере аламын. Қазақ батыр болған, дәулетті болған. Бірақ біз ойлап жүргендей алтын ғасыр болмаған», – деді депутат.
- Соңғы
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 01
-
- Қараша, 14
-
- Қараша, 12
-
- Қыркүйек, 10
-
- Қыркүйек, 08
-
- Тамыз, 20
-
- Тамыз, 13
-
- Тамыз, 11
-
- Тамыз, 05
-
- Шілде, 30
-
-
- Шілде, 25
-
- Шілде, 14
-
-
- Шілде, 03
-
- Маусым, 30
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
24 тамыз 2026
24 тамыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар