Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Меруерт Түсіпбаева - Танымал тұлғаны «албасты» дегеніңіз артықтау болды

kaz.caravan.kz

Меруерт Түсіпбаева - Танымал тұлғаны «албасты» дегеніңіз артықтау болды

Әнші Меруерт Түсіпбаева Инстаграм парақшасында Зейнеп Ахметоваға қатқылдау жазба арнады. Танымал әнші Зейнеп Ахметованың белгілі әнші Мақпал Жүнісованы "Мақпал албасты" деген сөзін сынға алған. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Аса құрметті, Зейнеп әпке! «Адамның басы — Алланың добы»- деген сөз бар. Әр пенденің өмірі — өзі қалағандай болса, өзі армандағандай болса, пенде Құдайын ұмытары сөзсіз…. Маңдайға жазылған тағдыр деген болады, Зейнеп әпке. Сізге ақыл айтуым мүмкін емес, маңдайыма Бауыржан атамыздай батырдың келіні болу жазылмағандықтан…. Дегенмен, мектепте оқып жүргенімде, Мақпал әпкемнің жатақханадағы адресін тауып, қолым дірілдеп, 18 рет жазып, 17 рет ол хатты жыртқан, өнеріне табынатын бір қазақтың қызы ретінде сізге жауап берейінші…. (Айып етпеңіз, алдын — ала кешірім сұраймын сізден) Өз басым осы әріптес болғалы, Мақпал Жүнісованың фонограммамен ән айтқанын естімеппін (ТВ-түсірілім кезінде болмаса)… Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған,танымал тұлғаны «албасты» дегеніңіз артықтау болды деп ойлаймын. Жеке пікірім…. Ал қазақтың тұсаукесер дәстүрін бизнеске айналдырған әріптестерім болса, өзім де оларға албасты дер едім",- деді. Еске салсақ, әлеуметтік желіде қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың дастархан басында отырған әңгімесінің видеосы тараған. Онда Зейнеп апамыз әншілердің әнді фонограммамен айтатынын, оның ішінде Мақпал Жүнісованың да бар екенін айтып «Мақпал албасты» деген жері де естіледі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар