Димаш Головкиннің арнайы шақыртуымен АҚШ-қа барып, Қазақстан әнұранын орындайды
Димаш Құдайберген Лас-Вегаста GGG — Canelo 3 жекпе-жек алдында Қазақстанның әнұранын орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG — Canelo 3 жекпе-жек алдында, Димаш Құдайберген Мемлекеттік әнұранымызды орындап батырымызға қолдау көрсетуі жоспарлануда», — деп жазылған dimash.news сайтының желідегі парақшасында. Айта кетсек, 18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді. Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.
- Соңғы
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 01
-
- Қараша, 14
-
- Қараша, 12
-
- Қыркүйек, 10
-
- Қыркүйек, 08
-
- Тамыз, 20
-
- Тамыз, 13
-
- Тамыз, 11
-
- Тамыз, 05
-
- Шілде, 30
-
-
- Шілде, 25
-
- Шілде, 14
-
-
- Шілде, 03
-
- Маусым, 30
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
27 шілде 2026
27 шілде 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар