Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тараздағы концертке кешігіп, тойда ән айтқан Қайрат Нұртастың видеосы желіде қызу талқылануда (видео)

kznews.kz

Тараздағы концертке кешігіп, тойда ән айтқан Қайрат Нұртастың видеосы желіде қызу талқылануда (видео)

8 қазан күні Таразда қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт өтті. Аталған салтанатты шарада Қайрат Нұртас та ән салуы керек еді. Алайда мыңдаған адам жиналған кеште Қайрат төбе көрсетпеген. Әншінің өзі желіде неліктен концертке қатыспаған түсіндірді, деп жазады Kznews.kz тілшісі. Қайрат Нұртастың қала күніне арналған мерекелік кеште ән шырқайтынын қалалық әкімдік хабарлады. Әншінің Таразға келетіні туралы хабарландыру қала көшелеріне ілінген. Өкінішке қарай, орталық алаңға жиналған қауым Қайратты сол күйі көре алмады. Кейін әнші әлеуметтік желі арқылы тараздықтарға сәлем жолдап, концертке кешігіп қалғанын айтқан. «Ассалаумағалейкум, Тараз қаласы, қалайсыздар? Концертке кешігіп қалдық. Жол ғой, енді. Аман болыңыздар!», — деді әнші. Кейін әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың сол күні Тараздағы тойда ән салып тұрған видеосы тарады. «Қайрат концертке үлгермесе де, тойға үлгерді», — деп жазды Taraz_life парақшасы. Десе де, желі қолданушылары әншінің концертке қатыспағанына наразы болып, видеоның астына түрлі пікірлерін жазған. «Қызық әрине, мерекеде халық үшін ән салуға үлгермеп еді, тойға үлгерді», «Қаншама адам жиналып еді, ұят болды бұл тірлігі», «Енді тегін кім концерт бергісі келеді, ал тойда ақша төленеді ғой», — деген сынды пікір жазғандардың қарасы көп. Әншіні жақтап, оны түсінуге шақырып жатқандар да жоқ емес. «Білмей жатып адамның сыртынан сөз айтуды қояйық. Мүмкін біз білмейтін себептері бар шығар», «Үлгермесе үлгермеген шығар, түсіністік танытайық», — деді кей желі қолданушылары.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар