Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Айжан Байзақованың мәһрге не сұрағаны белгілі болды

kznews.kz

Айжан Байзақованың мәһрге не сұрағаны белгілі болды

Жақында тұрмысқа шыққан блогер Айжан Байзақова мешітте некесін қидырған болатын. Оның күйеуінен мәһрге не сұрағаны белгілі болды, деп жазады Kznews.kz тілшісі. Жаңа өмірге қадам басқан блогердің өміріне қызығушы оқырмандары көп. Желідегілердің бірі Байзақованың мәһрге не қалағанын сұраған. Ал Айжан Байзақова мәһрге мешітте ештеңе сұрамағанын жеткізді. «Мешітте молданың көзінше ештеңе сұрамадым. Күйеуімнен жеке сұрағым келетінін айттым. Біз бұл тақырыпқа көп әзілдесетінбіз. Алайда көлігің де, қымбат ұялы телефоның мен киілмей жатқан тоның барда не сұрарыңды білмейді екенсің. Оның үстіне сәнді бұйымдарға қызықпаймын. Сондықтан әзірге нақты зат сұрамадым», — деді Байзақова. Айта кетейік, осыған дейін Байзақованың дүркіретіп той жасағаны белгілі болған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар