Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Алған бетінен қайтпайды»: Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының мінезі туралы айтты

paryz.kz

«Алған бетінен қайтпайды»: Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының мінезі туралы айтты

"Үйде бала - бала болады ғой. Димаш, жалпы біздің үйдің үш баласы да әлі күнге менің әке-шешемнің ортасына барып, мауқын басып, еркелей кетеді. Димаш үйде ата-анаға бала бола біледі. Қарындасы мен інісіне аға бола біледі. Ақыл сұрайтын кездері де аз емес. Өзінің ойын ортаға салатын кезі де болады. Димаштың жасы біразға келгеннен кейін әртүрлі тақырыпта әңгіме айтамыз. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелерге өз қынжылысын айтып отырады. Нағашы әжем "Баланың өзін туғанмен, мінезін тумайсың" деп айтып отыратын. Біздің үйдің үш баласының мінезі үш түрлі. Димаш алған бетінен қайтпайды. Сосын ешқашан жасып қалмайды. Оның алға қойған мақсаты, жүрегіндегі сенімі бар. Ортаға салады, біз пікірімізді айтамыз. Бірақ шешімді қабылдайды. Өйткені азамат қой", - деді Қанат Айтпаев. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің есімі Джеки Чан кітабының мұқабасына шыққан болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024