Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алмат Сақатов ресейліктерге: "Аздап есуастықтарыңыз да бар"

kaz.caravan.kz

Алмат Сақатов ресейліктерге: Аздап есуастықтарыңыз да бар

Оған Ресейден көшіп келген блогер Алексей Сибирскийдің «қазақтарға жылқы етін жегенді қою керек» деген сөзі себеп болған. «Егер жылқы етін жеуді доғаратын болсақ, онда сендерді жей бастаймыз» деп жауап берді Алмат Сақатов желідегі жазбасында. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы актердың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. «Негізі келгендеріңіз дұрыс болды. Өйткені, қазақтар ояна бастады. Тіпті, кейбір қазақтарымыз өзінің қазақ екендерін естеріне түсірді. Және жалпы сіздер көңілді халықсыздар! Аздап есуастықтарыңыз да бар әрине. Бір есуас блогер «қазақтарға жылқы жегенді қою керек» деп жазыпты. 3000 жылдан бері «соғым» жеп келеміз, ойлаңыздаршы. Бізде бір отбасы жылына орташа есеппен бір жылқының етін, бір сыйырдың тағы 30 шақты қойдың етін жейді. Біз көшпелі халықпыз. Біз жыртқыш халықпыз. Біз ет жеу керекпіз. Егер жылқы жеуді доғаратын болсақ, онда сендерді жей бастаймыз ғой. Сендерге сол керек пе?» дейді актер әзіл араластырып. Кейіннен Алмат Сақатов инстаграм желісінде «Менің жылқы, соғым жайында айтқанымды Тикток-тан алып тастапты. Себебі, адамдарды қорқытып жатырсыз дейді ғой. Қорқып жүріңдер, ей! Қорқып жүрулерің керек!» деп бөлісті. Еске салсақ блогер Алексей Сибирский Қазақстанда жылқы союға қарсы шыққан болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024