Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Денсаулығым сыр беріп жүр. Хатыңды, аудиоларыңды әлі де тыңдап жүрмін – Ләйлә Сұлтанқызы

kznews.kz

Денсаулығым сыр беріп жүр. Хатыңды, аудиоларыңды әлі де тыңдап жүрмін – Ләйлә Сұлтанқызы

«Қалың қалай, Қайрекем?! Әр жазған хатыңды, аудио хабарламаңды әлі де тыңдап тұрамын. Ұлдар үшін өзімді барынша ұстауға тырысып жүрмін, денсаулығымның сырберіп жүргені болмаса…Қолымнан келіп жүрген сияқты. Арманымыз көп еді. «Үлкен ұлдарды үйлі етіп, қызды қияға қондырдым, енді осы екеуін аяқтандырсақ», — дейтін едің. Айтпақшы, ұлдардан минут сайын хабар алып тұрушы едің, сол әдетке үйренген кенжелерің кішкене қиналып жүрген сияқты. Жігіт қой, білдірмейді. Бірақ кеше Сағадат өксігін ашумен бірінші рет шығарды Дәл осы сәтте орның қатты білінді, сен секілді демеу бола алмадым, кешір. Ұлдарды сүндетке отырғызып, үлкен той жасағанамыз ше? 70-80 жасыңды да дәл осылай тойлаймын деген арманың бар еді. Соңғы жылдары екеуміздің туған күнімізді біріктіріп жасап жүр едік. «Осы жылы Ләйлә, 45-ке толасың, жыл сайын менің туған күнімді ерекше ұйымдастырып бересің, биыл туған күніңді дүркіретіп жасап берем», — деп уәде беріп едің. 20 жылдыққа ақ көйлек кигіземін, үлкен қып той жасаймыз деп едің…Енді қашан?! Неге тым ерте кеттің? Ұлдардың қызығын бірге көреміз деген арманымыз қайда? Басымда жауабы жоқ мың сауал ғана… Оқырмандар мен әншілер журнаистің қайғысына ортақтаса, басуларын айтты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024