Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Үйленуге ұсыныс жасады». Айжұлдыз Адайбекова көңіл білдірген азаматтың ұсынысынан неге бас тартқанын айтты

kznews.kz

«Үйленуге ұсыныс жасады». Айжұлдыз Адайбекова көңіл білдірген азаматтың ұсынысынан неге бас тартқанын айтты

Музыкант, дизайнер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова осы жылы жеткен жетістіктері мен орындалмай қалған мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Kznews.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. Жанар Айжанованың қызы пәтер алып, анасы мен әпкесін Меккеге жіберіп, алты елге саяхат жасағанын айтып осы жылғы жетістіктерімен бөлісті. “Менің нәтижем: 4 кинокартинаға түстім, музыка шығарып, бейнебаян түсірдім, құрбыммен Меккеге бардым, мешіттің салынуына ат салыстым”, – деп толықтырды ол. Сондай-ақ Айжұлдыз орындалмай қалған мақсаттарының да тізімін жазды. “Досымды жоғалттым. Қазір мүлдем араласпаймыз. Бұл екеуімізге де сабақ болды. Анама көлік әпере алмадым. Уақыт болмағандықтан, түрік тілін үйрене алмадым. Десе де, бұл жай ғана сылтау”, – деп жазды Айжұлдыз. Актриса белгісіз азаматтың өзіне үйленуге ұсыныс жасағанын айтты. “Маған ұсыныс жасады. Бірақ мен бас тарттым. Мен еркіндікті жақсы көремін. Алда жоспар көп”, – деп себебін түсіндірді ол.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар