"Жаңа қарым-қатынасқа ашықпын": Заңғар Нұртас ажырасқаннан кейінгі жай-күйін айтты

НТК арнасына берген сұхбатында жаңа қарым-қатынас құруға дайын екенін де айтып салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. "Жібек мені маған деген жылы көңілімен баурап алған еді. 17 жаста, шетелде, ата-анамнан жырақтамын. Ол маған жылы жүр деп шарф, шұлық әкеліп береді. Дәрісін, дәруменін әкеліп береді. Өзім де де сезім болды", - дейді ол. Сондай-ақ, елдің "Жібектің түсі суық" деген пікірлеріне өзінің көзқарасын айтты. "Егер мен үйге келін қылып әкеліп тұрсам, әрине ол мен үшін анамнан кейінгі ең жақын адам болды. Ол жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Бірақ, осындай жағдай болды. Нақты не түрткі болғанын айта алмаймын. Бұл жеке өмірім. Бастарыңызға бермесін", - деген Заңғар. "Қазір сезім қалды ма?" деген журналистің сұрағына: "Жанып тұрған ештеңе жоқ. Сыйластық қалды. 5 ай болды араласпаймыз. Бір-бірімізге хабарласып тұрмаймыз. Жаңа қарым-қатынасқа дайынмын", - деді ол.
- Соңғы
- Қыркүйек, 10
-
- Қыркүйек, 08
-
- Тамыз, 20
-
- Тамыз, 13
-
- Тамыз, 11
-
- Тамыз, 05
-
- Шілде, 30
-
-
- Шілде, 25
-
- Шілде, 14
-
-
- Шілде, 03
-
- Маусым, 30
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
18 қыркүйек 2025
18 қыркүйек 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар