Әншілер тойда қандай келеңсіздіктерге жиі тап болады?

Әнші оқиға Алматыдағы мейрамханалардың бірінде болғанын айтты. "Бұл - негізі 7-8 ай бұрын болған оқиға. Алматыда салтанатты кеште өнер көрсеткенмін. Той иелері "өнеріңізді құрметтейміз, тамашалаймыз" деп шақырған соң бардым. Өнерімді көрсеттім", - дейді әнші. Ол ән айтып тұрған кезде бір ер адам келе жатқанын көрген. Бірақ әнші "шашын тартады" деген ой болмағанын айтты. "Той ортасында өнерімді көрсетіп тұрғанмын. Видеодағы еркек келіп шашымды тартты, бірақ қатты тартты. Мен оны жәй ғана итеріп жібердім. Сол кезде той иелері жүгіріп келіп, оны алып кетіп, "Өнер иесіне неге олай істейсің?", "Мәдениет қайда?" деп ұрысып, жағасынан алып жатқан. Мен ештеңе деген жоқпын. Әнімді орындадым да кетіп қалдым", - дейді өнер иесі. Кенжебек мұндай оқиғалар тойда жиі болатынын айтты. "Шашымды не үшін тартты?! Мүмкін, өзінде мұндай шаш жоқ болған соң көре алмай қалған шығар. Білмеймін енді, неге тартқанын. Видеода қатты көрінбейді, бірақ менің шашымды уыстап тұрды да, қатты тартты. Өнер иесіне деген сыйластық болу керек шығар. Мадинаның бетінен сүйіп алған да дұрыс емес. Той иелері өнерпаздарды тойға шақырса, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Өнер иелері қанша ән жазып, бейнебаян түсірсе де, халық арасына кең таралмайды. Неге осындай жағымсыз іс-әрекеттер лезде тарайды екен? Дегенмен өнер, еңбек бағалануы керек", - дейді Кенжебек Жанәбілов.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар