Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Алматыдан үй аласың деп 70 мың доллар берді”: Динара Әлжан Шымкенттің экс-әкімінің көңілдесі болғанын айтты

kaz.caravan.kz

“Алматыдан үй аласың деп 70 мың доллар берді”: Динара Әлжан Шымкенттің экс-әкімінің көңілдесі болғанын айтты

Бұл туралы ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. “Біз Шымкентте отырған кезде Ғабидолла Рахматоллаұлы кіріп келеді. Шымкенттің әкімі. Нөл болып, Шымкентте қонақ үйдің ақшасын төлей алмай тұрған кезде кіріп келеді. Биге шақырды, Қайрат Нұртас ән айтты. Сол кездғ маған: “Сенің көзің неге мұңды? Неге сен сияқты әншіні білмеймін” деді. “Осындай әндерім бар, хит әнім жоқ. Алдағы уақытта жұмыс жасағым келеді” дедім. Сол кезде ол менің қандай қонақ үйде екенімді сұрады. “Шымкент” қонақ үйінде екенімді айттым. Көмекшісіне хабарласып, “Rixos” қонақ үйінен маған вип-номер алып берді. Келесі күні караокеге бардым, өзге де бизнесмендео бар екен. Сосын ол маған 20 мың доллар тұратын сырға сыйлады. Ол сырға “Шым қала” деген бейнебаянымда бар. Сол кезде маған миллион теңге берді”, - деді әнші. Әнші сондай-ақ экс-әкімнің өзіне 70 мың доллар сыйлағанын айтты. “Ғабидолла мырза менен “сырыңды аша алмай тұрсың, не жағдай сенде” деп сұрақ қойды. Мен ол кісіге үйсіз қалғанымды айтқан жоқпын. Ол кісі маған Алматыдан үй алу үшін 70 мың доллардай берді. Ол ақшаның жартысына бейнебаян түсіріп, жартысына үй алдым. Анама көмектестім, қызымды қасыма алдым”, - деді әнші Динара Әлжан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар