Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Араққа тәуелді адамды лас әңгімеге тартты»: Дана Нұржігіт Нұрсейіт Жылқышыбайдың әрекетін сынап тастады

paryz.kz

«Араққа тәуелді адамды лас әңгімеге тартты»: Дана Нұржігіт Нұрсейіт Жылқышыбайдың әрекетін сынап тастады

«Мұны тектілік дейді. Кеше ғана Ильяның атына кір келтіретін әңгіме айтып отырған досын тауып, емдетіп, жағдайын түзеуге барын салып жатқан Ильяға шын риза болдым. Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді. Осы жерде менің қояр сұрағым тек «Уақыт көрсетеді» жобасының авторына ғана. Нұрсейіт Жылқышыбай, ауыр диагноз - алкоголизмге он жылдан бері шалдыққан адамды сөйлетіп, суыртпақтап лас әңгімеге тарту моральдық этика тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Қауқарсыз жағдайдағы адамның әлсіздігін пайдалану емес пе?! Жазбамды түсіну үшін алдымен Алмас Өтешовтың Жылқышыбайға берген сұхбатын көріңіз», - деп жазған ол. Журналист Илья Ильиннің әрекетін қолдап, нағыз дос екенін тағы да қайталап өткен. Осыған дейін зілтемірші Алмас Өтешов Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, мансабындағы жағдайларды ашып айтқан еді. Кейін Илья Ильин де сұхбат беріп, Алмас Өтешовтің 10 жыл бойы ішімдікке салынғанын айтып, қазір оны емдетіп жатқанын жеткізген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2024