Қазақстандық жас әнші Жасмина Түзелова Ресейдің «Голос. Дети» жобасының финалына шықты
Қазақстандық жас әнші Жасмина Түзелова Ресейдің «Голос. Дети» жобасының финалына шықты. Еліміз үшін жағымды жаңалықты жас әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Мен «Голос. Дети» жобасының финалына өттім! Бұл кезең – ең толқытқан сәттердің бірі болды. Жекпе-жек кезеңінде тамаша қатысушылармен бірге ән айтып, нағыз музыка мерекесін сезіндім. Қолдау білдірген баршаңызға көп рақмет – алда финал!» – деп жазды ол.
Журналист Руслан Меделбектің айтуынша, Жасмина Владимир Пресняков, Наталья Подольская секілді мықты әншілердің тобынан суырылып шыққан.
«Жасмина Түзелова деген кішкентай жұлдызымыз Ресейдің «Голос Дети» жобасының финалында. Мықтылар жиналған Пресняков/Подольскаяның командасынан суырылып шықты. Харизма, тембрі ғажап. «Голос Дети» жобасының финалы қазақтарсыз өтпейтін болды кейінгі жылдары. Осыған дейін Ержан Максим, Мейіржан Жидебай финалға шыққан еді», – деп жазды ол Threads парақшасында.
Айта кетейік, Жасмина Түзелова Астанадан шыққан жас талант, бүгінде Қазақстанның ең танымал жас әншілерінің бірі. Ол 5 жасынан бері вокалмен айналысып, түрлі халықаралық және республикалық байқауларда жеңіске жеткен.
- Соңғы
- Қыркүйек, 10
-
- Қыркүйек, 08
-
- Тамыз, 20
-
- Тамыз, 13
-
- Тамыз, 11
-
- Тамыз, 05
-
- Шілде, 30
-
-
- Шілде, 25
-
- Шілде, 14
-
-
- Шілде, 03
-
- Маусым, 30
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
- Маусым, 26
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2025