Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дәрия Қуатжан «Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы

kaz.365info.kz

Дәрия Қуатжан «Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы

Алматыда өткен «Қазақ аруы – 2025» ұлттық сұлулық байқауында Талдықорған қаласының атынан қатысқан Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанды. Байқаудың жеңімпазы халықтың дауыс беруі арқылы таңдалды. Дауыс беру нәтижелері жобаның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Финалдың қорытындысы бойынша Дәрия Қуатжан 26 376 дауыс жинап, басты бәсекелесінің бірі Диана Қырымды (13 160 дауыс) екі есеге жуық басып озды. Үздік үштікті Дариға Рахым (11 045 дауыс) түйіндеді.

Дәрия – жас кәсіпкер, дизайнер. Жоба ұйымдастырушылары оның ұлттық өнер мен дәстүрлі ою-өрнектерден шабыт алатынын атап өтті. Ол осы өнер арқылы «қазақ мәдениетінің рухын жеткізуді» мақсат етеді.

Жобаның мақсаты – талантты жастарды анықтау және қолдау, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтау, Татарстанда білім алып жүрген шетелдік студенттер мен жергілікті халық арасындағы достық пен келісімді нығайту, сондай-ақ қоғамдық және мәдени байланысты дамыту.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар