Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-та тұратын қазақ қызы Netflix-ті бағындырып жүр

kaz.365info.kz

АҚШ-та тұратын қазақ қызы Netflix-ті бағындырып жүр

Астанада туған 13 жастағы Аяжан Далабаева бірнеше жылдан бері АҚШ киноиндустриясында жұмыс істеп жүр. Ол кішкентай кезінде отбасымен бірге Америкаға қоныс аударған, ал алғашқы кастингтерге 9 жасынан бастап қатыса бастаған.

Аяжанның дебюті The G Word with Adam Conover атты мини-сериалда болды. Кейін ол Дэниел Рэдклифф пен Стив Бушеми түскен Miracle Workers сериалының төртінші маусымында бой көрсетті. Оның ең көзге түсетін жұмыстарының бірі Netflix-тегі Sweet Tooth сериалы болды. 2024 жылы актриса Blumhouse және Universal Pictures студияларының бірлескен Night Swim толықметражды фильмінде ойнады. Бұл фильмнің көптеген сахнасы су астында түсірілгендіктен, актриса арнайы инструктордың бақылауымен бассейнде жұмыс істеген.

АҚШ заңнамасына сәйкес, түсірілім алаңында әрдайым мұғалім мен әлеуметтік қызметкер болады. Балалардың жұмыс уақыты қатаң шектелген, Аяжанның жұмыс күні 8 сағаттан аспайды.

Төлем әр жобаға байланысты: түсірілім күніне шамамен 700-1000 доллар, ал сериалдарда эпизод үшін 5-10 мың долларға дейін алады. Заң бойынша табыстың бір бөлігі арнайы есепшотқа аударылады, оған актриса тек 18 жасқа толғанда ғана қол жеткізе алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар