Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жазушы Әлихан Жақсылықтың романы әлемнің 20-дан астам елінде сатылып жатыр

kaz.365info.kz

Жазушы Әлихан Жақсылықтың романы әлемнің 20-дан астам елінде сатылып жатыр

Қазақстандық жазушы Әлихан Жақсылық өз кітаптарының әлем дүкендерінде сатылып жатқанын жазды. Бұл туралы жазушының өзі фейсбук парақшасында жариялады.

«Әлемнің 20-дан астам кітап дүкендері мен әлемдік сату платформаларында «Нотр-Дамда құлшылық ету керек пе?» романым сатылып жатыр дейді. Америка, Ұлыбритания, Швеция, Австралия, Нидерланды елдерінде және Германияда. Аруақтар жар болсын! Жақсы өтсін», – деп жазды Әлихан Жақсылық.

Бұған дейін Әлихан Жақсылық өзіне тағылған айыптауларға жауап берген еді.

«Заңгер танысым «Романның әр бетіне қай күні жаздың, сол күнді белгілеп қой, сиясы сол күнмен сәйкес келсін» деді. Мен тек қаламның сиясы емес, мөрдің де сиясы сол күнмен сәйкес шықсын деп басып қойдым. «Әлихан Жақсылық ЖИ-мен жазады» деген сөзді күніге 2-3 танысымнан естимін. Фб бетінде жарқыратып жазып жатқандар бар және мен туралы мақала астына әзіл-шыны аралас сүйкетіп жатқан коменттерде де солай дейді…Ал менің барлық қолжазбам кез келген кезде дәлел бола алады. Заңгер жай ғана қолжазба емес, күннің жады бар қолжазба нағыз дәлел деп отыр. Кәсібіме кедергі келтіргісі келетіндер енді маған ренжімейді деп ойлаймын. Уақыт көрсетеді, болашақта мен туралы осындай өсек таратқандар ұятқа қалары анық» – деді жазушы.

Әлихан Жақсылық қазақ әдебиетіне жаңалық болып келген жас жазушы. «Нотр-дамда құлшылық ету керек пе?», «Африкадан Аляскаға», «Ескі вокзалдың жолаушылары» романдарының, «Алты құрлық», «Төрт мұхит» хикаяттар жинағының авторы. Ұлыбританияның «Алты бұғы» әдеби сыйлығын жеңіп алған. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Шығармалары ағылшын, түрік тілдеріне аударылып басып шығарылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар